Виртуалды клиент құрылғыларында Kaspersky бағдарламалары жұмыс істеген кезде тіркелетін оқиғалар туралы хабарландыру тарату параметрлерін конфигурациялаңыз. Бұл параметрлер бағдарламалардың саясаттарында әдепкі бойынша мәндер ретінде пайдаланылады.
Kaspersky бағдарламаларының туындайтын оқиғалары туралы хабарландырулар таратылымын конфигурациялау үшін келесі параметрлер қолжетімді:
Бағдарлама хабарландыру жіберетін пайдаланушылардың электрондық пошта мекенжайлары. Бір не бірнеше мекенжайды енгізуге болады; бірнеше мекенжай енгізілсе, оларды нүктелі үтірмен бөліңіз.
SMTP серверінің коммуникациялық портының нөмірі. Бірнеше SMTP серверін қолдансаңыз, олармен қосылым көрсетілген коммуникациялық порт арқылы орнатылады. Әдепкі бойынша 25-порт орнатылған.
ESMTP аутентификациясын қолдауды қосу. Жалаушаны қойғаннан кейін, ESMTP аутентификациясы параметрлерін Пайдаланушы аты және Құпиясөз өрістерінде көрсетуге болады. Әдепкі бойынша, жалауша алынып тасталған.
Пошта хабарландыруларын жіберудің орнатылған параметрлерін Тексеру хабарын жіберу түймесінің көмегімен тексере аласыз. Тексеру хабары Алушылар (электрондық пошта мекенжайлары) өрісінде көрсетілген мекенжайларға сәтті түрде жеткізілген болса, демек, параметрлер дұрыс конфигурацияланған.